Қоғам

Астанада ақылы тұрақтар жұмысын бастады

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАвтокөлік, архивтегі фото
Автокөлік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұржол" желекжолында демалыс және мереке күндері тұрақты пайдалану тегін

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Осы жылдың 15 қаңтарынан бастап "Нұржол" желекжолында ақылы көлік тұрақтары жобасы іске қосылды. 472 көлікке орын әзірленіп, жол белгілері сызылды. Сол сияқты ақпарат алу тақталары орнатылып, 12 паркомат қойылған, деп хабарлайды Елорда инфо

Астана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Нұржол" бульварындағы ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда жұмсалады?
Тұрақ ақысын паркомат арқылы қолма-қол ақша немесе банк картасымен, SMS жолдау немесе жеке кабинет арқылы, сондай-ақ, «Касса 24» терминалдары және "Астана көлік тұрақтары" мобильдік қосымшасы көмегімен төлеуге болады. Төлемді бақылау мобильдік сертификаттандырылған  фототіркеу кешендері көмегімен ресімделген деректер арқылы жүзеге асады.

Әрбір 15 минут сайын арнайы тіркеу құралы орнатылған машина тұрақты аралап, ондағы көліктердің нөмірлерін суретке түсіріп алады. Бұл деректер автоматты түрде тұрақтарды басқару орталығына беріледі. Ол жерде көлік тұрған орын, оның нөмірі, уақыты және төлемнің қандай жолмен жасалғаны көрсетіледі екен.

Мамандардың айтуынша, тұрақ құны таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін сағатына 100 теңге. Төлем көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс. Ал демалыс және мереке күндері тұрақты пайдалану тегін. Айта кету керек, паркомат артық ақшаны қайтармайды. Сондықтан төлемді 50 және 100 теңгелік монеталармен жасаған жөн.

тұрақ белгісі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада Нұржолдағы тұраққа көлік қою қанша тұратыны белгілі болды
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, арнайы орындар белгіленген І және ІІ топ мүгедектерінің, "Алтын қыран" және "Халық қаһарманы" ордендері иелері мен "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарымен марапатталған көп балалы аналардың, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендердің, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлерінің тұрақтарға көліктерін тегін қоюға құқықтары бар көрінеді.

Тұрақты пайдалану тәртібі мен төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы www.2888.kz. сайтынан да толығырақ ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ, 8-800-080-28-88 тегін нөміріне немесе қалалық 109 бірыңғай байланыс орталығына да хабарласуыңызға болады. Ал арнайы тіркеуден өту үшін  көлік жүргізушілері Ақбұлақ шағын ауданындағы Шарль де Голль көшесі, 1 үй мекенжайында орын тепкен "Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС кеңсесіне баруы қажет.


Жаңалықтар
0