Оқиға

Мектептегі жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірім балтамен оқушыларға тап беріп, кейін ғимаратты өртемек болған

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Улан-Удэ қаласындағы мектептердің бірінде оқушыларға жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей тергеу комитетінің жергілікті басқармасына сілтеме жасап.

Пышақ ұстаған ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Мектептегі төбелес: 12 адам пышақ жарақатын алды

Басылымның жазуынша, тергеушілер мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Ол жетінші сынып оқушыларына балтамен шабуыл жасапты. Болған оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

"Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, "Сосновый бор" шағын ауданында орналасқан мектептің 9 сынып оқушысы таңертең жетінші сынып оқушыларына балтамен тап берген, кейін жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкені пайдаланып, білім беру мекемесін өртемек болған", — деп хабарлайды РИА Новости.

Шабуыл салдарынан үш оқушы мен бір мұғалім зардап шекті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өз-өзіне қол салмақ болған жасөспірім ұсталып, қазір ауруханада жатыр.

Жаңалықтар
0