АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жас отбасының үйінен өрт шықты, деп хабарлады Костанайские Новости.
Үйіне келген отағасы қызын құтқарып қалды. Ол өртеніп жатқан үйге жүгіріп кіріп, қызын алып шыққан, алайда зайыбын құтқарып үлгермеген. Өртке не себеп болғаны белгісіз. Қазір оқиға орнында өрт сынақ зертханасының қызметкерлері қызыл жалынның шығу себебін анықтап жатыр.
Өртке қарсы қызметтің мамандары жеке сектордың тұрғындарына электр сымдарын, пештің түтін жолдарын, газ және пеш қазандықтарын тексеру қажеттігін тағы бір рет ескертеді.