Өңірлер

Ақмола облысында он жастағы оқушы өрт кезінде қаза тапты

© Sputnik / Сергей КимӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез жетіп, өртті сөндіргенімен, баланы құтқарып қала алмады

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Ақмола облысында өрт салдарынан он жастағы бала ажал құшты, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада базардан өрт шықты

Оқиға 15 желтоқсанда Щучинскіде бес қабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру көлігі жіберілді.

Құтқарушылар пәтер балконында шығып, төрт шаршы метрді алған өрт тез арада сөндірді. Алайда пәтерде он жасар баланың мәйіті табылған. 67 жастағы ер адамда зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Бұдан бөлек, екі бала мен бір ересек адам құтқарылған.

Өрттің себептері анықталуда.

Жаңалықтар
0