Қоғам

Қар, бұрқасын, жел: 17 қаңтарда ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБұрқасын
Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Еліміздің кей өңірлерінде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді

АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Аязды күні серуендеп жүрген баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел  15-20 м/с-ке күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман түседі. 

Ақмола облысының кей жерінде жел соғып, тұман түседі. 

Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз  жел 15-20  м/с-ке күшейеді. 

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.


Жаңалықтар
0