АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Өзбекстан футбол федерациясының атқарушы комитеті футболдан Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Самвел Бабаянды футболға қатысты кез келген қызметтен өмір бойына шеттетті, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.
Бабаян сондай-ақ ел құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінде, федерация басшылығының пікірінше, жұмыс істей алмаған. Ойыншылармен бір жақты қарым-қатынас жасау команданың іші қарым-қатынасына ықпал еткен. Бабаян ойыншыларды таңдау кезінде таныс футболшыларына сенім артқан, сондай-ақ тәжірибелі жаттықтырушылар мен сарапшылардың пікірін елемеген.
2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары кезінде бапкер командадағы тәртіпті сақтамаған және футболшылардың физикалық дайындығына баса мән бермеген. Бабаянның бұл әрекеті Өзбекстан ұлттық құрамасының нәтижелеріне теріс әсер етіп, жолдамадан қағылған.