АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды kff.kz.
"Атқарушы комитеттің отырысында ҚФФ президенті Сейілда Икрамұлы Байшақовтың өз еркімен қызметінен кету жөніндегі өтініші қабылданды. Бұл мәселе 10 ақпанда Астанада өтетін кезектен тыс сайлау конференциясында қаралады", — делінген хабарламада.