Қоғам

Әуезов атындағы театр директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлан Біләл 900 мың теңге пара алды деп айыпталған, қазір кепілмен босатылды

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алды деп айыпталып, кепілмен босатылған, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты "Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры" РМҚК директоры Е. Біләлға кепілмен босату түрінде бұлтартпау шарасын қолданды ", — деп хабарлады баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Соттың мәліметінше, тергеу амалдарына сәйкес Ерлан Біләл 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтарына дейін театр қойылымын бірге өткізу туралы келісім жасасқаны үшін "Сезам" қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының басшысынан 900 мың теңге алды деген күдікке ілінген.

пара, жемқорлық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Əуезов атындағы драма театры директорының пара алғаны расталды

"Бұлтартпау шарасы Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті тергеу тобы басшысының өтінішімен таңдалды", — деп мәлімет берді сот.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры жаңажылдық кезеңде театр базасында балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

Ерлан Біләл кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ болатын.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.

Жаңалықтар
0