АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Алматыдағы М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләлдің пара алмақ болғанын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры жаңажылдық кезеңде театр базасында балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.
Театр директоры кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.