Өңірлер

Атырауда SMS-хабарлама арқылы рәсімделген туу туралы куәліктер табысталды

© Sputnik / Елена БережнаяҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан былай туу туралы куәлікті рәсімдеу үшін фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің қажеті жоқ

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Жаңа босанған аналар енді перзентханадан шықпай тұрып баласының туу туралы куәлігін рәсімдей алады, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ол үшін egov.kz сайтына тіркелу керек. Сонда бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, аталмыш мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады.

ЦОН - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Туу туралы куәлікті енді 3 сағат ішінде алуға болады
"Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" АҚ Атырау облыстық филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры Тұрлан Нұржановтың айтуынша, республика бойынша 11 қаңтарға дейін алты мыңға жуық анаға смс-құттықтау келді. Соның ішінде Атырау облысы бойынша Атырау қалалық перзентханада дүниеге келген Бағыт Әли Тілекқабылұлы мен облыстық перинаталды орталықта өмір есігін ашқан Мақсым Омар Нұрбекұлына проактивті әдіспен куәлік алу сәті бұйырып тұр.  

Омар Нұрбекұлының анасы Жайдар Ибатоллақызы облыстық перинаталды орталықтағы проактивті әдісті алғаш болып пайдаланып көрді. Тұңғыштарының куәлігін алуға сәбидің әкесі Нұрбек те арнайы келіпті.

Құжат - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда әйел адам сегіз жыл бойы баласының туу туралы куәлігін ала алмаған
"Жасым 24-те. Өзім Махамбет ауданының тумасымын. Отбасы құрғанымызға екі жылдай болды. 10 қаңтарда ұлды болдық, туған-туыстарымыздың да қуанышында шек жоқ. Оның үстіне жедел, авоматты түрде оп-оңай рәсімделетін алғашқы куәлік ұлымызға бұйырыпты. Қуаныштымыз", — дейді жас ана.

Айта кетейік, бұл пилоттық жоба "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының проактивті әдісі аясында жүзеге асып отыр. Бүгінде бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс болатын.

Енді проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Рәсімделген соң оған смс хабарлама келеді.

Ата-ана халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана барады немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға да мүмкіндігі бар.


Жаңалықтар
0