Қоғам

Туу туралы куәлікті енді 3 сағат ішінде алуға болады

© Sputnik / Ксения ВоронинаЦОН
ЦОН - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжаттарды тез рәсімдеу республика бойынша 46 халыққа қызмет көрсету орталығында мүмкін болады

АСТАНА, шілде – Sputnik. Азаматтық хал актілерін, баланың тууын, адамның қайтыс болуын, неке бұзуды тіркеу секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан іске асырыла бастаған еді. Бұл ретте азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні — "Е-ХҚКО" бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.  

"Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін Астана қаласы бойынша біз № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде — "Е-ХҚКО" қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады", — дейді Оспанов.

Ол жобаны іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін айтып өтті, оның ішінде 428 — туу туралы куәлік, 17 — қайтыс болуды тіркеу, 17 — соттың шешімі негізінде некені бұзу. 

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу — бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу — 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағат 12.00-ге дейін берілетінін айта кеткен жөн.  

Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады. 

Жаңалықтар
0