Қоғам

Дәрігер Ақтау-Тараз ұшағының жолаушысын ажалдан арашалап қалды

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖолаушылар ұшағы салонының архивтегі фотосы
Жолаушылар ұшағы салонының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін әйелдің артериялық қысымы қатты төмендеп кеткен

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Маңғыстаулық дәрігер Нәдірқожа Мұсаев Ақтаудан Таразға ұшқан әйелдің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды lada.kz

Дәрігердің айтуынша, ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін әйелдің жағдайы нашарлап, артериялық қысымы қатты төмендеп кеткен. 

Әуежай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте қатты желден екі ұшақ соқтығысып қалды
"Әйелдің қан қысымы 60/0-ге дейін түсті. Бортта алғашқы реанимациялық көмек көрсетуге арналған қажетті заттардың бәрі бар екен. Маған Таразға ұшып бара жатқан медбике көмектесті. Қан қысымын дәрі-дәрмектің көмегімен 120/80-ге дейін көтердік. Реанимациялық көмек шамамен бір жарым сағатқа созылды", — дейді дәрігер. 

Оның айтуынша, әйел Таразға жеткенге дейін есін жиған, оны әуежайда ардиобригада күтіп алыпты.  

Әйел кардиореанимацияда емделіп шықты. 


Жаңалықтар
0