АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын түседі деп болжануда, республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасындатады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасындатады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.