Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 13-15 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам ұсынады

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде суық антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді, деп мәлімдеді синоптиктер.

Бұрқасын, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, бұрқасындатады

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, республиканың солтүстік аймақтарына қатты жел мен ақтүтек боран алып келген суық атмосфералық ағымдар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ығысты. 

"Оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен республиканың басым аумағында күн суытады", — дейді синоптиктер. 

Ал Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде алдағы күндері қар жауады,  Іле Алатауында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Күннің суытуына қарамастан, республикадағы ауа температурасы қалыпты деңгейге жақын болады.

Жаңалықтар
0