Қоғам

Қазақстанда соңғы 3 жылда жемқорлардан 17 млрд теңге өндірілді

© SputnikАқша, пара
Ақша, пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жемқорлықпен күрес жалғаса беретінін айтты

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Соңғы үш жылда Қазақстанда 2,5 мыңнан астам адам жемқорлық үшін сотталған. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы жолдауында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президент елімізде жемқорлықпен күрес жалғаса беретінін атап өтті. 

"Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді", — деді Назарбаев.

Елбасының пікірінше, жемқорлықпен күресте цифрландыру маңызды рөл ойнайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кез келген этникалық топ өкілінің президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады – Елбасы
"Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс", — деді президент.

Сондай-ақ Назарбаев сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылып жатқанын айтты.

"Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет", — деді президент.  

Мемлекет басшысының айтуынша, көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек. 

Айта кетсек, бүгін Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Жолдауда болашақта жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі міндет айқындалған.


Жаңалықтар
0