Қоғам

Кез келген этникалық топ өкілінің президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады – Елбасы

© Sputnik / Виктор ТолочкоНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде" дейді мемлекет басшысы

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында орыс тілін білу маңызды болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады", — дейді президент.

Қазақтың латын әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: терминдерді қазақ тіліне аударудағы "жаңалықтар" күлкіңді келтіреді

Нәтижесінде, Елбасының айтуынша, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

"Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады", — деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0