Өңірлер

Алматыда әйелдерді ғана тонайтын ұрылар ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековӘйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілердің бір-біріне қатысы болмаса да, бірдей қылмыс жасаған

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Алматыда тек әйелдерді ғана тонаған ұрылар ұсталды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, жедел қызметкерлер әртүрлі қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тонаушыларды ұстапты.

Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана мұз айдындары мен сауда орталықтарында ұры-қары көбейіп кетті

"Ұсталған екеуінің бір-біріне қатысы жоқ. Әртүрлі жайттарға байланысты күдікке ілінген, тек жасаған қылмыстары ғана бірдей. Олардың бірі – ОҚО-ның жиырма жастағы тұрғыны, бес ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ол Абай даңғылы бойымен түн ішінде серуендеп жүріп, жалғыз келе жатқан әйелдерді аңдыған, сәті түскенде сөмкесін тартып алып, қашып кеткен. Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны өз қажетіне жаратып жүріпті. Қылмысын толығымен мойындап отыр", — деп хабарлады Алмалы ауданы ішкі істер басқармасының басшысы Данияр Мендебаев.

Екінші күдікті Алматы облысынан. Отыз екі жастағы ер адам бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол да түн ішінде әйелдердің сөмкесін ұрлап жүріпті.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, олардың басқа қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

Жаңалықтар
0