Қоғам

Астана мұз айдындары мен сауда орталықтарында ұры-қары көбейіп кетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖаңа жыл
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жаңа жылдық демалыс күндері адамдар көп жиналған жерде ұрлық көбейіп кетті

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Астана полициясы мұз айдындар мен сауда орталықтарына келушілерге ұры-қарыдан сақтанып жүруге кеңес берді.

"Азаматтарды өте мұқият әрі сақ болуға шақырамыз, ұялы телефон, ақша, басқа да құнды заттарды жеңіл-желпі сала салмаңыздар. Қоғамдық көліктен шығарда, адамдар көп жиналатын жерге барғанда, жеке заттарыңызды мұқият қадағалауға кеңес береміз", — делінген хабарламада.

саммит - Sputnik Қазақстан
Әлем
Владимир Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуі кезінде ресейлік тілшінің сөмкесін ұрлап кеткен

Полиция мереке күндері тіркелген ұрлықтарды дәйек ретінде келтіреді. Мәселен, "Қазақстан" спорт кешені маңындағы мұз айдында Астана тұрғынының қалтасынан құны 200 мың теңге ұялы телефонды ұрлап кетіпті.

Каникул кезінде компьютер клубы мен ойын-сауық орталықтарына жиі баратын жасөспірімдер де ұрлықшылардың құрбаны болады екен.

Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0