Өңірлер

Алматыда екі жігітті өлімші етіп ұрғандардың бірі ұсталды

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуЖаппай төбелес, архивтегі фото
Жаппай төбелес, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияның мәліметінше, ұсталған 22 жастағы жігіт бұрын адам өлтіргені үшін сотталған

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Алматы полицейлері қаладағы дәмханалардың бірінің жанында екі жігітті соққыға жыққан күдіктілерді анықтады, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Төбелестің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жаңа жыл түні екі жігітті аяусыз ұрғандар видеоға түсіп қалды
1 қаңтарға қараған түні Жетісу ауданындағы "Сафира" дәмханасының жанында болған оқиға видеоға түсіп қалған.

"Күдіктілердің кім екені анықталды. Олардың бірі, 1995 жылы туған Жамбыл облысының тумасы өткен түнде ұсталды, кінәсін мойындап отыр. Бұрын ол адам өлтіргені үшін сотталған. Қылмысқа қатысы бар өзге күдіктілерді ұстау бойынша жедел іздеу шаралары жалғасуда", — деп мәлімдеді Алматы ІІД криминальды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Ұсталған жігіт уақытша ұстау абақтысына жабылды.  


Жаңалықтар
0