Оқиға

Алматыда жаңа жыл түні екі жігітті аяусыз ұрғандар видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуТөбелестің архивтегі фотосы
Төбелестің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаладағы дәмханалардың бірінің жанында болған оқиға сырттағы бақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Instagram-дағы zhest_kz паблигінде Алматыдағы дәмханалардың бірінің жанында жаңа жыл түні белгісіз біреулер екі жігітті аяусыз ұрып жатқаны түсірілген видео жарияланды.   

Видеода қаскүнемдер зардап шегушінің бірі алғашқы соққыдан кейін-ақ есінен танып қалса да, тепкілеп жатқаны көрінеді.  

Sputnik Қазақстан соққыдан құлап, жерде қимылсыз жатқан  жігітпен хабарласты. Ол өзін Андреймін деп таныстырып, оқиға "Сафира" дәмханасының жанында болғанын айтты. Жастар достарымен Жаңа жылды атап өтуге келген. 

 

 

"Досым екеуміз темекі тартуға сыртқа шықтық. Темекі тартып тұр едік, бір жігіт келіп, бірдеңе деді. Бір кезде екіншісі келді, мен: "Жігіттер, Жаңа жыл ғой!" дедім, басқасы есімде жоқ. Есімді жисам, асфальтте жатыр екенмін. Кенеттен жасалған соққыдан құлап қалдым. Бүйрегім мен көкбауырым ауырып жүр, мұрным, тістерім сынған, ернім жыртылып, миым шайқалды. Ауруханаға "жедел жәрдем" жеткізді, онда жарты сағат жаттым, ешкім көмектескен жоқ. Інім келіп, үйге алып кетті. Ата-анама болған жайды айттым, олар Краснодарда ауруханада жұмыс істейді. Олар мені сонда шақырып алды. Ертең ешқандай ота жасамаймыз десе, Алматыға ұшамын. Қазір Краснодарда емделіп жатырмын", — деді ол. 

Оның айтуынша, оқиға таңғы сағат 6 шамасында болған. Зардап шегушілер полицияға арызданбаған, алайда Андрей үйіне келген соң шағым түсіруі мүмкін екенін айтты. Соққыға жығылған досы ауруханада бірнеше күн жатып шығыпты.     


Жаңалықтар
0