Қоғам

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясын Ербол Шорманов басқарады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Астана ЭКСПО-2017"Ербол Шорманов
Ербол Шорманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ербол Шорманов 2015 жылдың тамызынан бастап ұлттық компанияда басшылық қызметтер атқарған

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Ербол Шорманов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның жалғыз акционері болып табылатын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, компания қызметінің бағыт-бағдарын айқындады.

Ахметжан Есімов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы өз жұмысын жалғастырып, үлкен жауапкершілігі бар міндетті атқарады. Биыл цифрлық Қазақстан бағытындағы маңызды элементтердің бірі — "Астана" халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптар технопаркі жұмысын бастауы тиіс", — деп атап өтті Сүлейменов.  

Шорманов 2015 жылдың 20 тамызынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметінде болды. 

Ербол Әлімқұлұлы Шорманов 1968 жылы 20 тамызда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы ҚР Кеден органдарында бастап, 2005 жылға дейін қызмет етті.

Ұлттық компанияға келгенге дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды, сондай-ақ, Алматы қаласы әкімі аппаратына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне басшылық етті. 


Жаңалықтар
0