АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды.
Есімов бұл лауазымда Өмірзақ Шөкеевтің орнын басты. Ал бұрынғы басқарма төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі әрі елдің премьер-министрі орынбасары болып тағайындалған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бақытжан Сағынтаев пен президент әкімдігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Самұрық" ҰӘҚ-ның жаңа басқарма төрағасын таныстырды.
Үкімет басшысы Ахметжан Есімовтің елдің игілігіне қосқан үлесін ерекше атап өтіп, кәсіби біліктілігі мен аса күрделі мемлекеттік тапсырмалардың орындаудағы жауапкершілігін жоғары бағалады.
Премьер-министр Қордың жаңа басқарма төрағасы мен ұжымына сәттілік тілеп, Елбасы ел алдына қойған мақсаттарға жету жолында белсенді қызмет атқару керектігін атап өтті.