Қоғам

Есімов ЭКСПО көрмесіне жақсы дайындық үшін Президенттен мақтау сөз естіді

© Официальный сайт президента Республики КазахстанАхметжан Есимов докладывает Нурсултану Назарбаеву о ходе подготовки в ЭКСПО-2017
Ахметжан Есимов докладывает Нурсултану Назарбаеву о ходе подготовки в ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы халықаралық көрмеге дайындық бойынша "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының жақсы жұмысын атап өтті
АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" көрмесіне жақсы дайындық үшін компания басшысы Ахметжан Есімовтің еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент Исекешевке: мұндай жағдай Жақсыбеков кезінде де болмаған еді

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов баяндағандай, көрменің 20 нысанының 18-і бүгінгі күні дайын. Екі объект — конгресс орталық мен қонақүй әлі салынып жатыр. Ол бірнеше нысанның құрылысы кезінде қаражат үнемделгенін атап өтті. 

"Сіздің ескертуіңізден кейін конгресс-орталықтың жобасын қайта қарастырдық, енді нысан көп функционалды болады. Енді орталықта ірі көрмелер, форумдар, конференциялар өтеді. Бұдан бөлек, қаражат үнемдей алдық. Басқа тапсырма жобалау-сметалық құжатқа байланысты еді. Сараптаманың оң қорытындысы алдық, нәтижесінде баға белгілеу ашық бола түсті. Ал бұл қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, инвестор тарту арқылы нысанның құны 20 миллиардқа азайды. Инвестор есебінен бюджеттік қаражат шығыны 30 миллиардқа қысқарады", — деді Есімов Президенттің қатысуымен өткен Астана қаласының дамуы және "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте. 

Көрмеге дайындықты қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық шараға әзірлікті оң бағалап, Есімовтің еңбегін атап өтті. 

"ЭКСПО көрмесі нысандарының көпшілігі дайын. Әлі конгресс орталық мен қонақүй салынып жатыр. Жалпы, үлкен жұмыс атқарылған. Ахметжан Есімовтың келуімен қомақты қаражат үнемделіп, құрылыс қарқын ала түскенін атап өтеміз. Бірақ объектілер уақытында тапсырылуы керек", — деді Мемлекет басшысы. 

Жаңалықтар
0