Өңірлер

ҰҚК Қытайға қымбат металл өткізген қылмыстық топтың ісін тергеп жатыр

© Sputnik / Игорь Михалев / Медиабанкке өтуАлтын өндіру. Архивтегі фото
Алтын өндіру. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу мәліметінше, төрт күдікті құны 33 миллион теңгеден асатын контрабанданы шекара арқылы алып өткен

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik.  Алматыда Қазақстаннан Қытайға құрамында алтын бар концентраттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері тұтқындалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық соттың баспасөз қызметі.   

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандық әйел қойын-қолтығына телефон тығып, Қытайдан контрабанда әкелмек болған
Соттың мәліметінше, ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаменті Қазақстаннан Қытайға құрамында алтын бар шикізатты контрабандалық жолмен тасымалдау дерегі бойынша  төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар 2017 жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында құны 33 миллион 116 мың 350 теңге болатын 106 тонна алтынды концентратты "кварц" тауары түрінде елімізден Қытайға өткізген. 

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы, 3-бөлімінің 2-тармағы (экономикалық контрабанда), 262-бабы, 2-бөлімі (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құрып, басқару, оған тең дәрежеде қатысу) бойынша күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялады.  

 Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап есептеледі.    


Жаңалықтар
0