АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қазақстан азаматы "Қорғас" өткізу бекетінен 17 ұялы телефонды заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі сайты.
54 жастағы әйел Қазақстанның шекаралық қауымдастық халықаралық орталығынан жаяу келе жатқан. Тінту кезінде қойын-қолтығына 17 дана Nokia телефонын жасырып алғаны белгілі болды.
Бұдан бөлек, Қазақстанға жасырын түрде 100 мың юань әкеле жатқан 33 жастағы азамат ұсталды.