Өңірлер

Өзбекстан азаматтары ҚР арқылы Ресейге өтпек болған

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуБазар
Базар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар жүк көлігін темір-терсекке толтырып, көрші мемлекеттің территориясынан өтпек болыпты

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Өзбекстанның 9 азаматы Қазақстан аумағы арқылы Ресейге өтпек болған. Оларды шекарадан өткізуге көмектескен топ құрамында төрт қазақстандық пен бір Өзбекстан азаматы болған, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ұлыбританияға Қазақстан арқылы ұшып бара жатқан Сирия азаматтары ұсталды

Басылымның хабарлауынша, Өзбекстан азаматы Хазраткулов қаңтар айында отандастарын Ақтөбе облысы арқылы Ресейге өткізу үшін тұрақты канал ұйымдастыруға тырысқан. Бірақ ҰҚК мен РФ ФҚҚ сондай бір каналдың қызметін тоқтату үшін операция жүргізіп, Хазраткулов қорқып қалады. Сол себепті Қостанай облысындағы таныстары Кәкімжанов пен Жаманбалиновтен көмек сұраған.

Сыбайластар тағы екі адамды жұмылдырып, қылмыс жоспарын құрған. Біреуі өзбек азаматтарын тасымалдаға жауап берсе, екіншісі уақытша тұратын жер тауып берген, тағы бірі оларды шекарадан өткізген.

Басылымның айтуынша, Өзбекстан азаматтарын жүк көлігіне жасырған іске қатысы барлар "Обаған-авто" шекаралық бекетіне қарай бет алып, сол жерде ұсталыпты.   

Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып немесе бостандығы шектелді.

Өзбекстан азаматтары Отандарына депортацияланды.

Жаңалықтар
0