Қоғам

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қар жауады

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлға алғашқы қар түсті, архивтегі сурет
Петропавлға алғашқы қар түсті, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түсіп, жел күшейеді

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

 

Аязды күні серуендеп жүрген баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел күшейеді – 15-20 м/с. 

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.


Жаңалықтар
0