Өңірлер

Ақыл-есі кем қыз терроризмді насихаттап үндеу тастаған

Жазылу
Ол он жасынан бері психиатр дәрігердің тіркеуінде тұр екен

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Степногорск тұрғыны Желіде терроризмді насихаттап үндеу тастаған, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаменті.

Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Терроризмді насихаттағаны үшін көп балалы әке сотталуда

Ведомство мәліметінше, 26 жастағы қыз он жасынан бері психиатр дәрігердің тіркеуінде тұр екен. 2014 жылдан бастап күдікті сот экстремистік деп танып, Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салған "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни ұйымының идеологиясын терең меңгере бастайды.

Діни ағымға әбден берілген қыз әлеуметтік желіде терроризмді жақтайтын материалдар таратып, жұртты теракт жасауға шақырған. Ол үшін желіде ойдан шығарылған әртүрлі есімдерді пайдаланыпты.

Қазір ол психиатриялық ауруханада ем алып жатыр. Полиция қылмыстық істі тоқтатып, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тағайындау үшін деректерді сотқа жіберді.

Жаңалықтар
0