Өңірлер

Терроризмді насихаттағаны үшін көп балалы әке сотталуда

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталуда, оның әкесі де осы бап бойынша жауапқа тартылған

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 27 жастағы тұрғын терроризмді насихаттағаны үшін сот алдына келді, сотталушының әкесі де осы бап бойынша жаза мерзімін өтеп жатыр, деп хабарлайды "Отырар TV" телеарнасының тілшісі.

Канар аралдары - Sputnik Қазақстан
Әлем
Канарда тұрып жатқан насихаттаушы джихадқа баруға шақырған

Тергеу деректері бойынша, жас жігіт әлеуметтік желіде Таяу Шығыстағы экстремистік топтарды қолдауға шақыратын материалдар таратқан. Істің деректеріне жүгінсек, сотталушы Сауд Арабиясында, Ресейде болып, Ислам мемлекеті (Қазақстанда, Ресейде және басқа да елдерде тыйым салынған) ұйымына кіруді көздепті.

Сотталушының төрт кішкентай баласы бар, жұбайының бесіншіге аяғы ауыр. Айыпталушының әкесі де терроризмді насихаттағаны үшін жаза мерзімін өтеп жатыр.

Жаңалықтар
0