Спорт

Головкин десе, зәресі ұшатын Мейвезерге аңыз боксшылар үлгі етілді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуФлойд Мейвезер
Флойд Мейвезер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Журналистің айтуынша, Робинсон мен Әли қорқуды білмейтін

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik.  Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторларының бірі Аллан Фокс аты аңызға айналған Шугар Рэй Робинсон мен Мұхаммед Әли америкалық боксшы Флойд Мейвезердің орнында болғанда Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан қорықпаушы еді деп есептейді. Бұл туралы Sports.kz жазды.  

Флойд Мейвезер мен Конором Макгрегор - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мейвезер: "би билеуге" жақсы жұп таңдадым
"Мейвезер көп нәрсеге қол жеткізді. Соған қарамастан, ол Шугар Рэй Робинсон мен Мұхаммед Әли секілді тәуекелшіл боксшы болған жоқ. Робинсон мен Әли қорқуды білмейтін. Егер олар біздің дәуірімізде Флойдтың салмағында жұдырықтасқанда, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге келісетін еді. Мэйвезер GGG-мен жекпе-жек өткізгісі келген жоқ. Ол бұл жекпе-жек не үшін керек емес екенін айтып, сылтау тапты. Әли мен Робинсон айтқанынан қайтып, сылтау іздемеуші еді", — деп жазды Фокс.   

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегасте қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жек өткізіп, тең түсті. GGG — "Канело" реваншы 5 мамырда өтеді деп жоспарлануда. 1XBET букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициент ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.752, Альварестің жеңісі — 2.13, тең нәтиже — 21.    


Жаңалықтар
0