Спорт

Мейвезер: "би билеуге" жақсы жұп таңдадым

© REUTERS / Mark JФлойд Мейвезер мен Конором Макгрегор
Флойд Мейвезер мен Конором Макгрегор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Боксшы Флойд Мейвезер соңғы жекпе-жегін ММА балуаны Конор Макгрегорге қарсы өткізді

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Ешқашан жеңіліп көрмеген америкалық кәсіби бокшсы Флойд Мейвезер ММА балуаны Конор Макгрегорге қарсы кездесуде елуінші рет жеңіске жетті, деп жазады Р-Спорт.

Жекпе-жек Лас-Вегаста сенбі күні бокс ережесіне сай өткізілген. Мейвезер Макгрегорды оныншы ранудта техникалық нокаутпен ұтты.

Жеңісінен соң америкалық боксшы мәлімдегендей, бұл оның мансабындағы соңғы кездесуі. Сонымен, Мейвезер кәсіби ринге елу рет  шығып, ешқашан жеңілмеген.

"Бүгін кешке, ханымдар мен мырзалар, менің соңғы жекпе-жегім болды. "Би билеуге" жақсы жұп таңдаған екенмін", — деді Мейвезер жеңісінен соң.


Жаңалықтар
0