Оқиға

Ресей азаматы есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан өтпек болған

CC0 / krystian_kam / Парфюм
Парфюм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есірткіні еліне тасығысы келген ресейлік осындай айла ойлап тапқан

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан аспақ болған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлады Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте есірткі сатқан полицейлер сотталды

"Шарбақты авто" өткізу бекетінің жасағы қызметтік иттің көмегімен Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматын ұстады, ол әтірдің құтысына марихуана салып, шекарадан аспақ болған. Ұсталған тұлға Қазақстаннан Ресейге Toyota Avensis көлігімен кетіп бара жатқан", — делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметі атап өткендей, тінту барысында әтір құтысынан 3 грамм марихуана табылыпты.   

Сол күні Ресейдің тағы бір азаматы шекаралық бақылауда есірткімен ұсталған.

Жаңалықтар
0