Қоғам

Автокөлікті мемлекеттік тіркеу ережесі түбегейлі өзгерді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖолдағы көлік, архивтегі фото
Жолдағы көлік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде автокөліктерді мемлекеттік тіркеу ережесі түбегейлі өзгерді, деп хабарлады Елорда инфо

 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінінің мәліметінше, ведомство көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, есепке алу бойынша мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізген. 

Элеткронды хаттама толтыру - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жол жүру ережесін бұзғандарға хаттама электронды түрде толтырылады
Азаматтар автокөлікті есептен шығаратын кезде жаңа есепке алатын автокөлікке өзінің бұрынғы мемлекеттік нөмірлерін орнатуда 2,8 АЕК көлемінде мемлекеттік бажды, соның ішінде Арнайы ХҚКО және ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақтауда тұрған нөмірлер үшін де төлеп келеді.

Агенттіктің мәліметінше, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сақтауға 11 мыңға жуық азамат өтініш береді және оны қайта тіркеу үшін 63 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік баж төлейді.

"Агенттік ұсынымдарының негізінде 30 жұмыс күніне дейін мемлекеттік нөмірлерді қайта тіркеу кезінде мемлекеттік баждарды (АЕК көлемінің жыл сайынғы өсуін ескергенде 2018 жылдан бастап 6 734 теңге көлемінде) төлеу қажеттілігін алып тастау мақсатында Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңалық осы жылдан бастап жүзеге аса бастады",  — делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілер өтетін жер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев жол жүру ережесін бұзуға қатысты жауапкершілікті жеңілдететін заңға қол қойды
Тағы бір белгілісі, мемлекеттік нөмірдің 1 данасы жоғалғанда немесе жарамсыз болған кезде азаматтарға оның  барлық нұсқасының жиынтығы (2 данасы) үшін міндетті түрде мемлекеттік бажды төлеуге немесе автомашинаны қайта тіркеуге тура келетін.

Мысалы, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқаларын дайындауға 1,9 мыңға жуық азамат 11 миллион теңгеден астам сомаға өтініш береді.

Автокөлік иелерін қосымша шығынға батырмау мақсатында сонымен қатар жаңа Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік нөмірдің 1 данасын 6 734 теңгенің орнына 3 367 теңгеге дайындауға өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады.

Рәсімдерді оңайландыру, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қатерлерді жою агенттік жұмысының басымдылығы екенін атап өту керек.


Жаңалықтар
0