АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Ақтауда бесінші сыныпта оқитын Орынгүл Арыстан менталды математикадан халықаралық жарыста бірінші орын иеленді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Малайзияда өткен жарыста әлемнің түпкір-түпкірінен келген үш мың оқушы бақ сынасқан. Алайда Орынгүл сегіз минут ішінде 200 есеп орындап, бәрін шаң қаптырып кетті. Оқушы қыз әзірше екі таңбалы сандармен жұмыс істейді – бұл менталды математиканың екінші деңгейі.
Ал енді бір жылда Орынгүл төрт орынды сандарды ойша есептеуді меңгеріп шықпақшы. Алғыр қыздың халықаралық жарыстарда алар асуы әлі алда.