Оқиға

"АрселорМиталл Теміртау" цехынан жұмысшының мәйіті табылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем көлігі
жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. "АрселорМиталл Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатының цехынан жұмысшының денесі табылды. Ақпаратты Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы растады. 

Ер адамның денесі 3 қаңтар күні комбинаттың домна пештерінің бірінен табылды. Оқиғаның мән-жайы хабарланбайды. 

Шахтер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында шахтада қаза тапқандардың кім екені белгілі болды

"АрселорМиталл Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің Sputnik Қазақстанның сауалына берген жауабында 3 қаңтарда таңғы 8 шамасында домна цехының аумағында теміржолда 35 жастағы цех қызметкерінің денесі табылғаны айтылған. Отбасы жоқ. 

Арнайы комиссия құрылды, оқиға тексеріліп жатыр. 

Еске сала кетсек, өткен жылдың маусым айында домна цехының газ құрылғыларын тексеріп жатқан кезде бір адам қаза тауып, екеуі зардап шеккен еді. Төтенше жағдайға ауаны тазартып, қауіпті газды шығаратын желдеткіш жүйе себеп болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылды. 

Бұдан бөлек, өткен жылдың желтоқсанында "АрселорМиталл Теміртау" компаниясына қарасты Түсіп Күзембаев атындағы шахта опырылып құлап, салдарынан 35 жастағы ер адам зардап шекті. 


Жаңалықтар
0