АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Қарағанды облысы "Казахстанская" шахтасында аяқ астынан метан таралып, оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ИДМ мәліметінше, төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар: Ахметжанов Рустам Ренатович 1983 жылы туған, Руденко Валерий Валентинович 1980 жылы туған және Шебанов Максим Сергеевич 1986 жылы туған. Олардың артынан жұбайлары мен бала-шағалары қалды.
Құтқару жұмыстарына алпыс адам мен тоғыз техника жұмылдырылған.
"07:00-де қаза тапқандардың денесі жер бетіне шығарылды. 07:05-те жүз отыз жұмысшы шығарылған, қалғандары апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қалды", — деп хабарлады ведомствода.