АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Шахтинскіде "Қарағанды" шахтасында аяқ астынан метан тарап кетіп, салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
ТЖК мәліметінше, төтенше жағдай бейсенбі күні таңертең сағат төрт кезінде "Арселор МитталТемиртау" тиесілі "Казахстанская" шахтасында болыпты.
Бастапқы деректерге сүйенсек, шахтада 136 адам болған, ал төртеуі апатты жерде жұмыс істеген.
"Қазір қолда бар деректер бойынша шахта жұмысшылары үш адамның денесін тапқан", — деп хабарлады Иманқұлов.