АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық, тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-23 м/с күшейеді.
Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.