АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. 1 қаңтардан бастап елімізде пойыздардың жүру кестесі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пойыздардың жүру кестесі өзгереді. Толық ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама бөліміне немесе "105" бірыңғай анықтама қызметіне хабарласыңыздар, қала нөмірлерінен қоңырау шалу тегін", — деп хабарлады "Түркісіб Астана" жеке тасымалдау компаниясы.
Пойыздардың жүру кестесімен "Жолаушылар тасымалы" АҚ сайтында танысуға болады.