Қоғам

Жаңа жылдан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

CC0 / Charlie Yoon / теміржол
теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға өседі

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап теміржол билеттері қымбаттайды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

темір жол вокзалы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың жаңа теміржол вокзалы "Нұрлы Жол" деп аталады

Министрлік хабарлағандай, бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және бағыттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. 

Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі. Ал 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

"Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты. Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды. Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% —ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады", — деп жазылған хабарламада. 

Алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деген сенімде министрліктегілер. 


Жаңалықтар
0