Әлем

Айықпас дертке шалдыққан қыз өліміне бірнеше сағат қалғанда тұрмысқа шықты

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуДәрі тамызғыш, архивтегі фото
Дәрі тамызғыш, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатерлі ісікке шалдыққан Хезер Линдси тойдан кейін 18 сағаттан соң ауруханада көз жұмды

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Коннектикут штатында қатерлі ісікке шалдыққан қыз өліміне бірнеше сағат қалғанда тұрмысқа шықты, деп хабарлады РИА Новости.

Үйлену - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әйел теракт кезінде қаза тапқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты
Sun басылымының мәліметінше, Девид Мошер 2016 жылдың желтоқсанында қалыңдығы Хезер Линдсидің қолын сұрағысы келген екен. Оған сүт безі қатерлі ісігі деген диагноз қойылғаннан кейін де жігіт бұл ойынан қайтпаған.   

Хезер бір жыл бойы қатерлі сырқатпен алысып, 2017 жылдың соңында тұрмысқа шықты. Алайда 22 желтоқсан күні, 18 сағат өткеннен кейін ауруханада көз жұмды.  

Қалыңдықтың құрбысы Хезердің махаббаты оған өлімнен қорықпауға күш бергенін айтты.  

Жаңалықтар
0