Қоғам

Әйел теракт кезінде қаза тапқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты

CC0 / / Үйлену
Үйлену - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер мен әйелдің бір баласы болса да, жігіттің көзі тірісінде үйленіп үлгермепті

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Франциялық әйел "Батаклан" концерт залында болған теракт кезінде қаза тапқан ер адаммен заңды некеге тұруға шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. 

ДАИШ 8 елде теркт жасайтынын мәлімдеді - Sputnik Қазақстан
Әлем
ДАИШ 8 елде теракт жасайтынын мәлімдеді

Агенттік хабарлағандай, 39 жастағы Кристофер мен оның құрбысы Катерин ұзақ уақыт бойы үйлену тойларын жоспарлаған, сөйтіп жүргенде қыздары дүниеге келіпті.

Алайда "Батаклан" концерт залында 2015 жылы 13 қарашада болған теракт кезінде Кристофер қаза табады. Катерин қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шығу құқығын пайдалануға шешім қабылдапты. Өйткені Францияның Азаматтық кодексі адам өмірден озғаннан кейін де некелесуге мүмкіндік береді. 

Некелесу салтанаты өткен сенбі күні Францияның орталық бөлігіндегі О-де-Сенде болды.

Жаңалықтар
0