Өңірлер

Аяз ата мен Қарша қыз Қарағанды жүргізушілеріне керемет сыйлықтар тарту етті

© Photo : Местная полицейская служба ДВД Карагандинской областиЖаңа жыл
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жүргізушілер Жаңа жыл кейіпкерлерінің қасына өздері тоқтап, құттықтап жатты

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Қарағанды полицейлері темір тұлпар иелерін Жаңа жылмен ерекше құттықтады, деп хабарлайды облыстың жергілікті полиция қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

"Жүргізушілер мен кішкентай жолаушлыларға тосын сый ұйымдастырдық, оларды Аяз ата мен Қаршақыз күтіп тұрды. Қарағанды орталығында жол-патрулдік полицияның жаңа жылдық экипажы кезекшілік жасады", — делінген хабарламада.

Инспектор көліктерді тоқтатып, жүргізушілерді Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар ұсынған: телефон гарнитурасы, қолжазба кітап, автокөлікке арналған ароматизатор мен тегін көлік жудыру сертификаттары. 

Қаланың кей тұрғындары ерекше экипаждың қасына өздері тоқтап, жаңа жылдық кейіпкерлерді қуана қарсы алған.

Жаңалықтар
0