АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин шетелдік мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйым басшыларын келе жатқан жаңа 2018 жылмен, Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Кремль ресми сайты.
"Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтай отырып, Ресей президенті жақында ғана қос елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына жиырма бес жыл толғанын атап өтіп, бұл айтулы мерейтой Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының барлық салаларындағы елеулі жетістіктермен ерекшеленгенін айтты", — делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Владимир Путин Қазақстан мен Ресейді бауырлас мемлекеттер деп атап, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың әрі қарай дами беретініне үлкен үміт артатынын білдірді.