АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Кремль баспасөз қызметі.
Путин Қазақстанның экономика, әлеуметтік және ғылыми-техникалық салаларда қол жеткізген жетістіктерін, әлемдік аренадағы биік беделін, халықаралық проблемаларды шешуге қосқан зор үлесін, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде және Астана процесі аясында атқарған қызметін атап өтті.
РФ мемлекет басшысы ымыралас көрші елдер ретінде де, еуразиялық интеграциялық процестер аясында да Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының даму қарқынын жоғары бағалайды.
Ресей президенті Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық және одақтастықтың қос бауырлас халықтың игілігі үшін, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық мақсатында әрі қарай нығая түсетініне сенім білдірді.