АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Алматыдағы стриптиз-клубтардың бірінің иесі мен оның үш администраторы жезөкшелер ордасын құрғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, мекеме басшылары өзара келісіп, жеңіл жүрісті қыздарды клубқа келушілерге таныстырған.
"Клуб қызметкерімен бір түн бірге болу 300 доллар тұрады. Клиентке арнайы пәтер керек болса, ақысы біршама қымбаттаған. Біз барғанда клубта жеңіл жүрісті 22 қыз жүрді, олардың үшеуі — Ресей Федерациясы азаматшалары және тағы екеуі — Өзбекстаннан", — деді Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша басқарма басшысы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.