Экономика

Ерболат Досаев Қазақстан даму банкінің директорлар кеңесінен шығарылды

© Служба центральных коммуникацийЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шешімді ҚДБ жалғыз акционері қабылдады

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев "Қазақстан даму банкі" АҚ директорлар кеңесінен шығарылды, деп хабарлады KASE сайты. 

Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ерболат Досаев Ұлттық банк басқармасының мүшесі болды
Досаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді 2017 жылдың 20 желтоқсанында ҚДБ жалғыз акционері қабылдады.   

"Директорлар кеңесіне Айдар Әріпхановты Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайлау ұсынылды",- деп көрсетілген хабарламада.

ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішевке аталған шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. 

Осы жылдың қазанында Ерболат Досаев үкіметтің Ұлттық банк басқармасындағы өкілі болып тағайындалған болатын. 


Жаңалықтар
0