АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев Ұлттық Банк басқармасындағы Үкімет өкілі болып тағайындалды.
Бұл туралы ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойған, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №600 үкімет қаулысында айтылған.
Бұдан бұрын Ұлттық банк басқармасындағы үкімет өкілі қызметін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов атқарған еді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.