Қоғам

Айжан Байзақова бостандыққа шықты

© Sputnik / Данияр ДауталиевАйжан Байзақова
Айжан Байзақова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айжан Байзақова этикалық нормаларды бұзғаны үшін соттың шешімімен үш тәулікке қамауға алынған болатын

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik.  Instagram жұлдызы Айжан Байзақова үш тәулік қамауда отырғаннан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айжан Байзақова арнайы қамау мекемесінен сағат 15.00 шамасында шықты. Ол жол талғамайтын көлікке отырып, дереу кетіп қалды.   

Естеріңізге сала кетейік, Айжан Байзақоваға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған болатын.

 

Instagram - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды
"2017 жылдың 17 желтоқсанында А.С. Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған және өзге тұлғалардың мазасын алған", — делінген сот қаулысында.

Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.

Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды. 


Жаңалықтар
0