Қоғам

2018 жылы жол ережесін бұзудың 28 түрі бойынша айыппұл төмендейді

© Sputnik / Болат ШайхиновЖол қозғалысын реттеуші
Жол қозғалысын реттеуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түзетулер ресми түрде жарияланған соң он күннен кейін күшіне енеді

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда келесі жылы жол ережесін бұзу үшін салынатын бірқатар айыппұл сомасы төмендейді, деп хабарлады әкімшілік полициясы комитеті төрағасының басшысы Әлібек Кеңісбаев.

Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде темір тұлпар иелері айыппұлды жеңілдікпен төлей алады

"Түзетулерге сәйкес жол ережесін бұзудың 28 түрі бойынша айыппұл көлемі төмендетілмек. Оның ішінде, жылдамдықты шектен тыс арттыру, көлікті тұраққа қою ережесін бұзу, оқу-жаттығу ережесін бұзу, жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуы және т.б. бар", — деді Кеңісбаев баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, қарсы бағыттық қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі бір жылдан алты айға дейін қысқартылады.

"Және де ішкі істер органы қызметкерінің көлікті тоқтату талабын бірінші рет орындамаған жағдайда жүргізуші куәлігінен бір жылға айыру жазасы емес, 30 АЕК айыппұл салу қолданылмақ", — дейді полиция басшысының орынбасары.

Жаңалықтар
0